Форекс терминдердің сөздігі

Егер сіз Forex-ің өзіңізге беймәлім терминін кездестірсеңіз – онда сізге біздің Forex сөздігіміз қызмет етеді! Өзге трейдерлермен бір тілде сойлесе білу, Forex нарығындағы болып жатқан маңызды үдерістерді түсіну, материалды жылдам үйрену – бұл Forex терминдерді білудің сізге беретін мүмкіндіктердің барлығы емес. Сөздік сізге қажет Forex терминнің мағынасын барынша жылдам таба алатындай етіп құрастырылған. Күн өткен сайын сіздің сөздікке жүгіну саны азаяды, себебі Forex терминдері сіз үшін табиғи сөздік қор болады!
Ask
Белгіленімде қымбат баға. Клиент бұл бағада құралды сатып алады.
Bid
Белгіленімде арзан баға. Клиент бұл бағада құралды сатады.
Базалық валюта (base currency)
Валюталық жұптың белгісінде бірінші тұрған валюта. Клиент оны белгіленімнің валютасына сатып ала алады немесе сатып жібере алады
Теңгерім (balance)
Шот бойынша барлық толық жабылған транзакциялар мен саудадан тыс операциялардың жиынтық қаржы нәтижесі
Валюталық жұп (Currency)
Сауда операцияның нысаны. Сауда операцияның негізі – ол басқа валюта жөнінде бір валюта құнының өзгеруі
Гэп, бағадағы алшақтық (Gap)
Ағымдағы белгіленімнің алдағы өткеннен айырмашылығы спред көлемінен артық болған жағдай. Бұл жағдай сауда сессия кезінде маңызды макроэкономикалық деректер, экономикалық және саяси жаңалықтар шыққаннан немесе форс-мажор жағдай болғаннан кейін пайда болу мүмкін. Сондай-ақ демалыс және мереке күндерден кейін нарықтың ашылуынан кейін де болатын жағдай
Ұзақ жайғасым (Buy)
Бағамның көтерілуін есепке алып, қаржы құралды сатып алу. Валюталық жұпқа келетін болсақ: базалық валютаны белгіленімнің валютасына сатып алу. Айырмаға арналған контрактқа келетін болсақ: CFD базис активын АҚШ долларына (USD) сатып алу.
Сұрау салу
Белгіленімді алу үшін арналған Компания Клиентінің нұсқауы. Клиенттің сұрау салуы мәміле жасауға міндеттемейді.
Клиент
Маржиналдық сауда жасау шартымен Компаниямен сауда операцияларды жасауға арналған келісім-шарт жасасқан жеке тұлға.
Клиент терминалы
MetaTrader 4 және MetaTrader 5 бағдарламалық өнім. Осы теминал арқылы Клиент нақты уақыт тәртіптемесінде қаржы нарықтағы сауда бойынша ақпарат (Компанияның белгіленген көлемде) алады, нарықтардың техникалық талдау жасайды, сауда операцияларды жасайды, ордерді ұсынады/өзгертеді/жояды, сонымен қоса Компаниядан хабарлама алады. Терминалда баға бойынша графиктерді құру кезінде максималды(high) және минималды (low) бағалар Bid белгіленім бойынша алынады. Клиент терминалы Компанияның сайтынан жүктеуге қолжетімді.
Конверсиялық арбитраждық операциялар
Компания мен Клиент арасындағы құралдарды (валюталық жұптар немесе айырмаға арналған контрактар)сатып алу немесе сату бойынша мәміле.
Айырмаға арналған контракт (Contract for difference, CFD)
Сауда операцияларды жасау нысаны. Сауда операцияның негізінде базис актив бағамының өзгеруі (яғни айырмаға арналған контракттың негізі болған актив). Актив ретінде акция, фьючерс, тауар, асыл метал, қор индексі тағы басқалар болу мүмкін
Қысқа жайғасым
Бағамның төмендеуін есепке алып, қаржы құралды сатып жіберу. Валюталық жұпқа келетін болсақ: базалық валютаны белгіленімнің валютасына сатып жіберу. Айырмаға арналған контрактқа келетін болсақ: CFD базис активын АҚШ долларына (USD) сатып жіберу
Белгіленім
Bid және Ask түрінде көрсетілген құралдың ағымдағы бағамы бойынша ақпарат.
Шектелген жайғасымдар
Бір сауда шот бойынша бір құралмен ашылған көлемі бірдей ұзын және қысқа жайғасымдар.
Лот (Lot)
Сауда платформа бойынша қабылданған базалық валюта, акция немесе базис актив көлемінің шартты белгісі. Лоттың саны мәміле көлемін өлшеу бірлігі болып есептеледі (мысалы, 1.00 лот =100 000 базалық валюта). Әр құрал бойынша лоттың мөлшері Компанияның сайтында орналасқан контрактардың сипаттамасында көрсетілген.
Маржа, кепіл (Margin)
Сауда жайғасымды ашу және қолдау үшін арналған қажетті ақшаның қамтамасыз етілуі. Валюталық жұптар үшін маржаның мөлшері сауда жайғасымның нақты мөлшеріне қарағанда қаржы тұтқасына пропорционалды кем болады (мысалы, 1% тұтқасы 1:100 болғанда). Айырма үшін арналған контрактар үшін маржаның мөлшері қаржы тұтқасына тәуелді емес және абсолютты (ақшалай) немесе сауда жайғасымның нақты мөлшерінің пайыздық (мысалы, асыл металдарға CFD үшін 10%) өрнегімен құралады. Әр құрал бойынша маржаның мөлшері Компанияның сайтында орналасқан контрактардың сипаттамасында көрсетілген.
Маржиналдық сауда (Margin Trading)
Клиент өзінің жеке қаражатынан айтарлықтай асып кеткен соммаға мәміле жасауға мүмкіндік беретін, қаржы тұтқаны пайдаланып сауда операцияны өткізу.
Бейнарықтық белгіленім, спайк (Spike)
Келесі шарттарға сәйкес келетін белгіленім: айтарлықтай бағадағы алшақтықтың болуы; аз уақыт ішінде бағадағы алшақтықты жасайтын бағаның алғашқы деңгейге қайтуы; осы белгіленім пайда болудан алдын бағаның қарыштап динамиканың жоғы. Компания бейнарықтық белгілемді сауда сервердің базасынан жоюға құқылы.
Ордер
Компания Клиентінің бағамен ордердің деңгейін жеткен кезінде жайғасымды ашу немесе жабу туралы өкімі.
Ашық жайғасым
Толық жабылған транзакцияның бірінші бөлімнің нәтижесі: сол мөлшердегі қарама-қарсы операциямен (тиісінше сатып алу немесе сатып жіберу)өтелмеген құралды сатып алу немесе сатып жіберу. Жайғасымды ашу нәтижесінде Клиентте сауда операциялар Регламентінде көрсетілген шамадан төмен емес маржаның деңгейін қолдау міндеттеме пайда болады.
Құбылмалы пайда/шығын (Floating Profit/Loss)
Белгіленімдердің ағымдағы шамалар кезіндегі ашық жайғасым бойынша тіркелмеген пайда/шығын.
Компанияның жұмыс уақыты
Компанияның сауда терминалы валюталық жұптар және айырмаға арналған контракт бойынша мәміле жасауға қамтамасыз ететін жұмыс апталығының ішінде уақыт аралығының шегі. Демалыс және мерекелік күндерді, Компанияның ішкі тәртіптемеде уақыт өзгерістерді, және Клиенттерге қызмет жасау техникалық себептермен мүмкін емес уақытты қоспағанда. Бұл жайттарда, Клиент жұмыс уақыты өзгерген туралы хабардар болу және осы жағдайда пайда болатын валюталық тәуекелді жоюға мүмкіндік беру үшін, Компания барлық шараларды жасау керек.
Еркін маржа (Free Margin)
Ашық жайғасымдар үшін кепіл ретінде іске қосылмаған және жаңа жайғасымдарды ашу үшін қолдануға болатын сауда шотындағы ақшалай қаражат. Келесі формуламен айқындалады: Еркін маржа=Қаражат – Маржа.
Контрактардың сипаттамасы
Әр қаржылық құрал үшін негізгі сауда шарттары (сауда кестесі, лоттың мөлшері, сауда операцияның минималды мөлшері, маржа, спред, ордер орнату минималды деңгейі, своп және т.б.). Контрактардың толық сипаттамасы Компанияның сайтында көрсетілген.
Спред (Spread)
Уақыттың осы сәтінде Ask және Bid белгіленімдер арасында байнмен көрсетілген айырмашылығы.
Қаражат (Equity)
Ашық жайғасым бойынша ағымдағы шығынға азайтылған және ашық жайғасым бойынша ағымдағы пайдаға көбейтілген Клиент шотындағы ақшалай қаражат. Келесі формуламен айқындалады: Теңгерім +құбылмалы пайда/шығын + Своп.
Стоп аут (Stop out)
Клиентке алдын ала хабарлама бермей ағымдағы белгіленімдер бойынша клиенттің жайғасымдарды жабуға берілген сауда сервердің автоматты хабарландыруы. Ашық жайғасымдарды қолдау үшін шотта қаражат жетіспеушілік болған жағдайда болады. Сол кезде маржаның Деңгейі (Margin Level) Компанияның сайтында «Сауда шарттары» бөлімде көрсетілген Стоп аут (Stop out) шамасына тең немесе одан кем болады.
Сауда шоты
Клиент келісімі аясында жасалатын сауда және саудадан тыс операциялардан туындайтын Компания мен Клиенттің міндеттемелерің есеп- қисабын жүргізетін Клиенттің Компанияда ашқан ішкі есептің арнайы дербес шоты.
Транзакция
Сауда операциялардың жиынтығы. Сауда операциялар барысында қаражат базалық валютадан белгілеменің валютасына және кері өтеді.
Маржаның деңгейі (Margin level)
Ашық жайғасымдарды қолдау үшін сауда шотында қаражаттың жеткіліктілігін сипаттайтын шоттың жан-күйінің негізгі көрсеткіші. Келесі формуламен айқындалады: Маржаның деңгейі = Қаражат/Маржа* 100%. Сауда операциялардың Регламентінде айқындалған рұқсат етілген мәнінен Маржаның деңгейі төмендеген жағдайда Стоп аут басталады.
Ордердің деңгейі
Ордерде көрсетілген баға.
Қаржылық құралдар
Саудаға қолжетімді валюталық жұптар мен CFD контрактар.